Қоғамдық қабылдау бөлмесінде БҚО ҚХА Татуласу орталығының қызметкерлері өтініш білдірген азаматтарға барлық құқықтық мәселелер бойынша тұрақты негізде кеңес береді, даулар мен жанжалдарды реттеу үшін бітімгерлік рәсімдерді жүргізеді.
Тасқала аудандық сотында 2018 жылдың басында жауапкерге бағуға берілген 4 жылқының жоғалуы нәтижесінде келтірілген 1 400 000 теңге көлеміндегі материалдық шығынды өндіру туралы дау реттелді.
БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында балалардың тұрғылықты жерін анықтау туралы азаматтық істері бойынша екі медиативтік келісім жасалды.