10
қазан
2018
Казталов ауданының №2 соты азамат Р-ға. қатысты ҚР ӘҚБтК-ің 73-2 бабының 1 бөлігі бойынша әкімшілік іс қарады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сай, азамат Р. өз үйінде азаматтық некедегі жұбайын себепсіз ұрып-соғып тән ауруына ұшыратқан, бiрақ денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасаған.
Сот отырысында азамат Р. кінәсін толық мойындап, болған оқиғаға өкініп, жұбайынан кешірім сұраған. Соңғысы өз кезегінде оны кешіріп, тараптар арасында дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасаған.
Сот қаулысымен азамат Р-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты тоқтатылды.
Қайнар: Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.