27
қыркүйек
2018
Казталов ауданының №2 сотымен неке бұзу туралы екі азаматтық істер медиация тәртібімен қысқартылды.
Істі қарау барысында төрелік етуші судья тараптарға заң талаптарына сай туындаған дауды бітімгершілікке келу мүмкін екенін түсіндіргеннен кейін, тараптар Жалпақтал ауылдық округі бойынша кәсіби емес медиаторының қызметіне жүгінді.
Нәтижесінде тараптар арасында туындаған дау, медиатордың қатысуымен бітімгершілік рәсімімен аяқталды.
Сот дауды шешу туралы ұсынылған келісімді зерделеп, ҚР АПК-нің нормаларын басшылыққа алып, тараптардың медиация тәртібінде татуласуына байланысты азаматтық істтерді қысқарту туралы ұйғарым шығарды.