27
қыркүйек
2018
Бөкей ордасы аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 2 бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісін қарады.
Іс бойынша әкімшілік құқық бұзушы Бөкей ордасы ауданы Бисен ауылының тұрғыны азамат А.бұрын бір жылдың ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабының 1 бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жаза қолданылған азамаат А., арақ ішкен мас күйінде бола тұрып, Бөкей ордасы ауданы, Бисен ауылдық округіне қарасты Жиекқұм елді мекеніндегі үйінің ішінде, өзінің баласы Е-ты балағаттап, айқай-шу шығарып, мазасын алып үй тұрғындардың тыныштығын бұзғаны үшін, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 2 бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық жауаптылыққа тартылды.
Сот талқылау барысында төрағалық етуші судья тараптарға татуласуға ұсыныс жасап, медиация тәртібінде дауды реттеудің құқықтарын түсіндірді.
Тараптар кәсіпқой емес медиатордың көмегімен өзара медиативтік келісім жасап, өзара татуласып, медиатор арқылы келісімге келуіне байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі тоқтатуды сұрады.
Соттың қаулысымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс тараптардың медиативтік келісімімен татуласуына байланысты, ҚР ӘҚБтК-нің 64-бабының 1-бөлігінің негізінде іс жүргізуін тоқтатылды.