17
қыркүйек
2018
«Сот төрелігінің 7 түйіні» бағдарламасының «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасын іске асыру бойынша Жоғарғы соттың бастамасымен бастау алған құрамында 7 мүшесі бар Билер кеңесі Казталов ауылдық округінде құрылған болатын.
Билер кеңесінің басты мақсаты - халық арасындағы ұсақ-тиек дауларды сотқа жеткізбей тұрып ауылдың ақсақалдары, яғни билердің араласуымен, кеңесімен шешу. Бұл игі бастама азаматтар үшін де, сот органдары үшін де тиімді, жалпы ел ішіндегі дауласушылық деңгейін азайтуға сөзсіз ықпал ететіндігінде.
Жуырда Билер кеңесімен мәселенің бір түйіні шешілді. Билер кеңесінің мүшелері Мұқанғали Бектілеуов, Уәлиолла Әбішев, Қазталов ауылдық округінің әкімі Жүсіп Шакуовпен бірлесе Қоныс ауылына барған болатын. Ондағы негізгі мақсат – Қоныс ауылындағы көлге су шығару мәселесі еді. Көлге су шығару барысында шаруа қожалықтарыныңың жері пайдаланылатындықтан осы бір қожалық иелері мен халық арасында түсініспеушілік туындаған болатын. Билер кеңесі осы бір түсініспеушілікті сотқа жеткізбей мәселенің түйінің шешіп, сөзі дуалы билеріміз екі жақты ортақ мәмілеге келтірді.