31
қаңтар
2019
БҚО, Казталов ауданының №2 аудандық сотымен «Соттағы татуластыру рәсімдері» жобасын жүзеге асыру мақсатында татуластыру кабинеті ашылып, белсенді жұмыс жасап келеді. Медиаторлар күнделікті қабылдауларын жүргізіп жатыр. Татуластыру кабинеті әртүрлі татуластыру рәсімдерін жүргізуге арналған. Сол кабинеттердің ішінде азаматтар үшін қажетті ақпараттық материал орнатылған. Осы жерде татуласқан даудың тараптары Жоғарғы Соттың Төрағасы Жақып Асановтың татуласу қашанда болмасын жанжалды шешудің ең жақсы жолы болғандығы және болатыны туралы пікірімен келісетіндігін бірнеше мәрте айтты. Татуласуға жасалған қадам, соттағы кез келген тараптың жеңісінен әлдеқайда игілікті.
Солай, Казталов ауданының №2 аудандық сотымен, өткен 2018 жылы барлығы 58 қылмыстық істер қаралса соның ішінде 29 іс тараптардың медиативтік келісімдеріне байланысты тоқтатылды. Бұл барлық қаралған және аяқталған істердің 50% құрап отыр. Осы істердің негізгі бөлігін /19/ ҚР ҚК-нің 187 бабымен, яғни ұсақ-түйек жымқыру, яғни болмашы мөлшерде жасалған, бөтеннің мүлкін ұрлау, алаяқтық, иемденіп алу немесе талан-таражға салу құрап отыр.