31
қаңтар
2019
Орал қаласының №2 сотымен татуластыру рәсімдерінің артықшылықтары мен мүмкіндіктерін түсіндіру бойынша жоспар жасақталды. Жоспар аясында судья Альбина Абилкаримова мен Батыс Қазақстан облысының медиаторлар Одағының төрайымы Алуа Ракишева «Жайықжылуқуат» АҚ өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында соттағы азаматтық-құқықтық даулар санының төмендеуі, қоғамдық шиеленістердің азаюы, татуластыру рәсімдерінің мүмкіндерінің азаматтық сот өндірісіне дейінгі дауларды шешудегі кеңею аясы туралы айтылды.
Судья А.Абилкаримова өз сөзінде, судьялар жұмысының басым бағыттарының бірі де татуластыру рәсімдерінің дамуы екендігін атап өтті. Дау-дамайды шешудің және азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғаудың қолданыстағы тетіктерін жетілдірудің басымдықтарының бірі, татуластыру рәсімдерінің дамуы, оның ішінде медиация институты.
Ал медиацияның өңіріміздегі қолданысымен, негізгі сатылары және артықшылықтарына медиатор А.Ракишева тоқталды.
Отырыс қорытындысы бойынша, «Жайықжылуқуат» АҚ қызметкерлері алдағы уақытта даудамай орын алған жағдайда медиация көмегіне жүгінеміз деген ортақ пікірге келді.
Орал қаласының №2 сотының бұл бағыттағы жұмыстары алдағы уақытта өз жалғасын табады.
Қайнар: Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.