22
тамыз
2018
2018 жылдың наурыз ацйында азамат К. жол жүрісі қағидаларын бұзып, азаматша М-ның автокөлігімен соқтығыс жасаған, осымен оған 167 000 тенге мөлшерінде материалдық залал келтірген.
М. Сырым аудандық сотына талап арыз жолдап, онда өз пайдасына жауапкер К-дан сол материалдық залалды өндіруді сұраған.
Судья тараптарға татуластыру рәсімдерінің артықшылығын түсіндірген. Тараптар дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімге қол қойды.
Сот қарызды 2018 жылдың аяғына дейін төлеу туралы медиациялық келісімді бекітті. Төленген мемлекеттік баж салығы талапкерге қайтарылды.