24
қаңтар
2019
Іс құжаттарынан анықталғандай, тараптар үйді сату-сатып алу жөнінде келіскен. Үйдің құны 450 000 теңгеге келісіп ақшасын талап қоюшы жауапкерге берген. Үйдің құжаттары дұрыс болмағандықтан жауапкер құжаттарды 2017 жылдың қыркүйек айына дейін рәсімдеп беретіні туралы қолхат берген. Алайда жауапкер келісілген мерзімде үйдің құжаттарын рәсімдей алмаған. Талап қоюшы жауапкерден 450 000 теңгені өндіруді талап етті.
Талап арыз соттың өндірісіне электрондық форматта, оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қабылданды. Жауапкерге талап қою арызға пікір (қарсылық) ұсыну үшін белгіленген мерзімде тараптар дау бойынша медиация тәртібімен бітімгершілікке келгендерін көрсетіп, араларындағы жасалған дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісімді сотқа ұсынды. Тараптар арасындағы медиациялық келісім бекітіліп, сот ұйғарымы бойынша іс тоқтатылды.
Қайнар: Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі