25
маусым
2018
Отбасылық қарым-қатынастардан туындайтын даулар медиацияның ең тиімді қолдану саласының бірі болып табылады. БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында аталған санаттағы азаматтық іс қаралды.
БҚО Ақсай қаласының тұрғыны бұрынғы жұбайының ұзақ уақыт бойы екі жасөспірім балаларының тәрбиесі мен оқытуына атсалыспайтынын, олардың өмірі мен тағдырына бей-жай қарайтынын және балаларды бағып-қағуға материалдық көмек көрсетпейтін негізге келтіріп, оның аналық құқықтарынан айыру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.
Алдын ала сот тыңдауы барысында ата-аналар ортақ балаларды тәрбиелеу туралы келісімге келді. Аталған келісім бойынша балалардың анасы қыздарын асырап-бағу үшін ай сайынғы алимент төлеуге, олармен араласып, талапкермен бірге балаларды оқыту, бағып-қағу мен тәрбиелеу мәселелеріне қатысты барлық мәселелерді шешуге міндеттенді.
Медиация туралы келісімнің шарттары кәмелетке толмаған балалардың заңды мүдделеріне сәйкес келгендіктен сотпен бекітіліп, іс бойынша сот ісін жүргізу тоқтатылды. Талапкерге сотқа талап арыз беру кезінде төленген мемлекеттік баж салығы қайтарылды.