22
тамыз
2018
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексімен жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға алимент өндіру көзделген.
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 147-бабының талаптарына сәйкес, ерлі-зайыптылар бірін-бірі материалдық жағынан қолдауға міндетті.
Мұндай қолдаудан бас тартқан және ерлі-зайыптылардың арасында алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда, алимент төлеуге қажетті қаражаты бар екінші жұбайдан: еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайының; жүктілігі кезеңінде және ортақ баласы туған күннен бастап үш жыл бойы зайыбының; ортақ мүгедек баланы он сегіз жасқа толғанға дейін бағып-күтуді жүзеге асырып отырған, сондай-ақ он сегіз жасқа толған соң ортақ мүгедек балаға I-II топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда көмекке мұқтаж жұбайының алимент төлеуді сот тәртібімен талап етуге құқығы бар.
Тасқала аудандық соты жұбайын күтіп-бағуға алимент өндіру туралы азаматтық іс қарады.
Талап қоюшы С сотқа жауапкер С-тен өзін күтіп-бағуға алимент өндіру туралы талап арызымен жүгініп, 2017 жылдан бастап жауапкермен заңды некеде тұрғаны,некеден екі кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар екен. 2018 жылғы соттың шешімімен неке бұзылды. Туған баласы үш жасқа жеткенше жүктілік демалыста болуына байланысты жауапкерден өзін күтіп-бағуға 10 АЕК мөлшерінде алимент өндіруді сұраған.
Сот отырысында тараптар дауды сот медиация тәртібімен шешуге келісіп, келісім бойынша талап қоюшы С қойылған талаптан бас тартып, ал жауапкер ай сайын 27 күніне дейін С бұрынғы жұбайына ортақ баланың 3 жасқа толғанға дейін, 2 АЕК мөлшерінде алимент өндіруді міндеттелген және келісімді бекітуді, істі өндірістен қысқартуды сұрады.
Сот ұйғарымымен тараптардың арасындағы медиативтік келісім бекітіп, іс өндірістен қысқартылды.