22
тамыз
2018
«Орал-Отау» ЖК-гі жауапкер А-дан қарыз соммасы мен тұрақсыздық соммасын өндіру жөніндегі талап арызбен сотқа жүгінді. Талап арыз бойынша 18.02.2018 жылы тараптар арасында қызмет көрсету бойынша келісім шарт жасалынған, аталған шартта талапкер- қызмет көрсетуші пәтер сатып алушыны іздездіріп, ал жауапкер - тапсырыс беруші орындаушының қызметі үшін 300 000 тенге көлемінде төлеуге тиіс болатын. Талапкер өз кезегінде міндетін атқарып, жауапкердің пәтерін сатып алушы М есімді азаматшаны тауып, ол 05.04.2018 жылы пәтерді жауапкерден сатып алады. Бірақ жауапкер өз міндетін атқармай шартта көрсетілген сомманың тек 201 000 тенгесін берген.
Талапкер соттан жауапкерден негізгі қарызды және шарттың 5.1 бөлімінде көрсетілгендей күніне қарыз сомманың қайтарылмаған бір күніне шаққандағы 10%, мемлекеттік баж салығы және соттағы өкіл қызметінің төлемақысын өндіріп беруді сұрады.
Тараптар сот барысында істі медиации жолымен шешуге келісімдерін берді.
Медиативтік келісім бойынша жауапкер А. талапкерге жалпы соммасы 129 000 тенгені береді, ал талапкер өз талабынан бас тартады.