20
маусым
2018
БҚО Казталов ауданының №2 аудандық сотына талап қоюшы «К» ЖШС-і арызданып, жауапкер «Г»-ден тұрғын үй коммуналдық жаңғырту бағдарламасы бойынша жұмсалған 165 959 теңге бережақ сомасын өндіруді сұраған.
Істі қарау барысында тараптар медиация туралы шарттарын сотқа ұсынып, сот медиациясы арқылы дау бойынша медиация тәртібімен бітімгершілікке келгендерін көрсетіп, араларындағы келісімді бекітуді сұраған.
Тараптардың арасындағы дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бойынша жауапкер «Г» талап қоюшыға 15.06.2018 жылдан бастап ай сайын 10 000 теңгеден 165 959 теңге бережағы төленіп біткенше төлеуге міндеттенді.
ҚР АПК-нің 277-бабының 2-бөлігінің 6-тармағына сәйкес тараптар дауды сот медиациясы тәртібімен реттеу туралы келісім жасаса және оны сот бекітсе іс бойынша іс жүргізу тоқтатылады.
Тараптар арасында медиациялық келісімді сот бекітіп, сот ұйғарымы бойынша іс тоқтатылды.