10
қазан
2018
Орал қаласының №2 соты талапкер З.ның жауапкер С-ға бала асырауға қосымша шығынды өндіру туралы азаматтық ісін қарады.
Талапкер З. жауапкер С- мен заңды некеде тұрған. Бұл некеден екі баласы бар, балаларының бірі бала күнінен мүгедек екенін мәлімдеп, талапкерден баланы емдеуге қосымша шығындарды өтеуге, яғни 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде өндіріп беруді сұрады.
Сот отырысы барысында тараптар татуластыру рәсімдері арқылы, ортақ келісімге келіп, бұл келісім негізінде жауапкер С бала емдеуіне қажетті қосымша шығындарды 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төлеуге келісті.