28
қараша
2018
БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында талапкер А.-ның жауапкер Б.-ға баламен араласу тәртібін анықтау туралы дау медиация тәртібімен аяқталды.
Талапкер А. мен жауапкер Б.-ға қатысты баламен араласу тәртібін анықтау туралы арызда, тараптардың бұрын заңды некеде тұрғаны, жауапкер оған ұлымен араласуға кедергі жасайтындығы көрсетілген.
Істі сотта қарауға дайындау барысында тараптарға сот отырысында сотпен тараптарға ҚР «Медиация туралы» Заңының әрекет ету тәртібімен жанжалды шешу мүмкіндіктері туралы түсіндірілді.
Істі қарау кезінде психолг С.Жапакованың қатысуы сотқа қатысушыларға кәмелетке толмаған Д.-нің аталған дауға пікірін, баланың ата-анасының әрқайсысы арасындағы ара-қатынасын анықтауға, сонымен қатар баланы тәрбиелеу бойынша кеңестер алуға мүмкіндік берді.
Дауды баламалы тәсілмен шешу баланың пікірін ескере отырып, екі жақты тиімді шарттар бойынша тараптарға дауды шешуге септігін тигізді.
Сот тараптардың дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі заңға қайшы келмейтінін немесе басқа да тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтынын ескеріп, тараптардың дауды сот медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі бекітілуге жатады деп тапты.
Сот медиациялық келісімді бекіту туралы ұйғарым шығарып, тараптардың медиация тәртібімен татуласуларына байланысты істі қысқартып, тараптарға «Медиация туралы» Заңының 27 бабы және ҚР АПК 277, 278 бабы түсіндірілді.
Қайнар: Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.