24
қаңтар
2019
Казталов ауданының №2 аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 187 бабы 2 бөлігімен айыптау туралы қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралып, тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты тоқтатылды.
Іс материалдарына сәйкес, сотталушы ұсақ-түйек жымқыру мақсатында бірнеше рет, жәбірленушілерге болмашы мөлшерде 3800 теңгеге материалдық залал келтірген. Сот отырысы барысында қылмыстық іс бойынша сотталушы мен жәбірленушілер өзара медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы сұраған.
Сот, ҚР ҚК-нің 68 бабына сәйкес жәбірленушілермен медиация тәртібімен татуласуына және келтірілген залалды өтеуіне байланысты сотталушыны қылмыстық жауапкершіліктен босатып, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы етті.