25
маусым
2018
Казталов ауданының №2 аудандық соты ҚР ҚК-нің 187 бабы 1 бөлігімен (Ұсақ-түйек жымқыру) айыптау туралы қылмыстық істі тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты тоқтатты.
Айыпталушы Р. залалды өтеп, жәбірленушімен татуласты, осыған байланысты тараптар қылмыстық істі тоқтату және қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы өтініш білдірді.
Сот қаулысымен қылмыстық істі тоқтатылып, сотталушы сот залынан босатылды.