12
қараша
2018
2018 жылдың 5 шілдесі күні Зеленов ауданындағы Переметный ауылы орталығының Достық Үйінде ұйым басшыларының және аудан тұрғындарының қатысуымен Татуласу орталығы салтанатты түрде ашылды.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен жүзеге асырылып жатқан «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының басымдық жобалардың портфелі» жобасының бірі Сотсыз татуласу орталығын ашу жобасы болып табылады.
Жобаның мақсаты ‑ сотсыз татуласу институтын дамыту мен насихаттау, қоғамда дауды азайту үшін халыққа біртұтас кеңес алаңын құру болып табылады.
Жуырда татуласу орталығында ҚР ҚК-нің 188 бабының 1 бөлімі бойынша айыпталушыға қатысты қылмыстық іс медиатор Мурзагалий Дюсембеевтің қатысуымен медиация тәртібімен қысқартылды.