28
қараша
2018
2018 жылдың шілде айында Зеленов ауданының Переметное ауылында «Татуласу орталығы» ашылды.
Осы орталықтың ашылу мақсаты - «Татуласу: сотқа дейін, сотта» пилоттық жобаны іске асыру аясында бітімге келтіру рәсімдерін қолдануда біртұтас кеңес алаңын құру, қоғамда дауды азайту.
«Татуласу орталығында» әкімшілік іс бойынша тараптар сотқа іс түспей тұрып, өзара татуласуға қол жеткізген.
Іс құжаттары бойынша құқықбұзушы Ж. жеңгесі А.-мен ұрысып, жеңгесіне балағат сөздер айтып, оның адами ар-намысын қорлаған.
Кәсіпқой емес медиатор М.А.Кужумовтың ықпалымен құқықбұзушы Ж. жәбірленуші А-дан кешірім сұраған, өз кезегінде А. оны кешіріп, Ж.-ға талап қоюдан бас тартқан, олар өзара татуласуларына байланысты дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге қолдарын қойған.
Отбасы тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер жасаған құқықбұзушы Ж. жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты сотпен әкімшілік жауапкершіліктен босатылып, оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабының 1-бөлігімен қозғалған іс өндірістен қысқартылды.