20
қыркүйек
2018
Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігінің 1, 3 тармақтарымен кәмелетке толмаған Ч.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотта анықталғандай, сотталушы кәмелетке толмаған Ч. тергеумен анықталмаған адамдармен бірге қасақана тонау ниетімен «Строитель» шағын ауданында орналасқан №9 мектептін шарбағында кәмелетке толмаған К.-ға оның өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолданып, жәбірленушінің «Айфон-5» маркалы ұялы телефоның ашық тонап, кәмелетке толмаған К.-ға 100 000 теңге материалдық шығын келтірген.
Сот отырысы барысында сотталушы кәмелетке толмаған Ч., оның заңды өкілі және жәбірленуші материалдық залал толықай өтелгенін ескеріп, істі медиация тәртібімен келісімге келді.
ҚР ҚК-нің 68 бабының 1 бөлігі негізінде, сот өз қаулысымен кәмелетке толмаған Ч.-ны, ол жәбірленушімен өзара татуласуына байланысты, қылмыстық жауаптылықтан босатып, оған қатысты қылмыстық іс сот өндірісінен қысқартылды.