25
маусым
2018
Батыс Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы Үйінде «Батыс Қазақстан облысындағы медиация дамуының тиімді тәсілдері» тақырыбында медиаторлардың облыстық форумы өтті.
Шараны ұйымдастырушы - Батыс Қазақстан облыстық соты.
Кездесу мақсаты - медиаторлар Одағы түріндегі үйлестіруші орталықты құру. Форум модераторы БҚО ҚХА төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов болды.
Шараға, облыс Әкімі, БҚО судьялары, прокуратураның, әділет департаментінің, адвокаттар алқасының, құқыққорғау органдарының, облыстық білім беру, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, медиаторлар, кәсіпшілер одағы ұйымдар, этномәдени бірлестіктер, облыс ҚХА құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері, ақсақалдар және аналар кеңестері, жастар ұйымдары, бизнес қоғамдастығы, банктер, коммуналдық қызметтер және БАҚ, 200-ден астам адам қатысты.
Қатысушыларды қарсы алып, облыстық сот төрағасы Бек Әметов соттардың жұмысындағы басым бағыты – ол, татуластыру рәсімдерін және дауды сотқа дейін реттеу институтын әрі қарай дамыту екенін айтты. Медиация институтын дамыту мақсатында БҚО соттарымен «Медиация туралы» Заңын қолдану толықтай жүзеге асырылды, соттардағы іс қарау тәртібі процесс тараптарды татуластыруға бағытталған. Спикер ін айтты.
«Қазақстанда медиация ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қарым-қатынасты реттейтін құқықтық негіз, сонымен қатар, медиатор мәртебесі заңнамалық деңгейде бекітілген. Алайда, тәжірибе көрсеткендей бұл заңнаманың барлық нормалары тиісті деңгейде жұмыс істемейді. Мәселең, облыста әр-түрлі саладағы даулы жағдайларды шеше алатын медиацияның көптеген түрлері қолданылмайды. Медиаторлар ынтымақсыз жұмыс жасайды және оларда қызметтерін үйлестіретін орталықтары жоқ. Кәспқой және кәсіпқой емес медиаторларды бір одаққа жинау қажет»,- деді облыстық сот төрағасы.
Кәсіпқой және кәсіпқой емес медиаторлар сынды баяндамашылар этносаралық, еңбек және отбасылық қарым-қатынас, білім беру және жастар ортасы салаларындағы медиация секілді бағыттар бойынша жұмыстарды жандандыруды ұсынды.
Астана қаласының «Logitex» ЖШС-нің басшысы Александр Скрамовский Батыс Қазақстан облыстық сотымен ұсынылған «Медиацияны цифрландыруы» жобасы туралы айтып өтті. Спикердің айтуы бойынша, жоба ақталды, енді портал арқылы оны барлық азаматтардың жалпы қолжетімділік жаңа деңгейіне шығару жоспарланып отыр. Сервис медиаторға онлайн-өтінім беруді, оны тіркеуді және медиатор мен қабылдау уақыты туралы ақпараты бар талонды беруді көздейді.
Қабылданып жатырған шаралардың жеткіліксіздігін ескере отырып, жалпы сессияда БҚО-да медиацияны дамытудағы тиімді тәсілдері белгіленді.
Медиаторлар форумының нәтижесі бойынша қатысушылар республикада алғаш рет кәсіпқой емес медиаторлардың қызметін үйлестіріп отыратын қоғамдық медиаторлар Ассоциациясын және облыс аймағында медиаторлардың қызметін реттеу үшін кәсіпқой және қоғамдық медиаторлардың ұйымдарын бір үйлестіруші органға біріктірген «Батыс Қазақстан облысының медиаторлар Одағы» Ассоциациясын құрды. Ассоциацияның басқару құрамы және оның қызметін бақылауды жүзеге асыру бойынша бақылау Кеңесі бекітілді. Осыған қоса, облыс медиация институтын әрі қарай тиімді дамыту үшін практикалық әрекеттер жоспары құрылды.